Алматы облысында қару сақталған орын табылды

Алматы облысында қару сақталған орын табылды
Сурет: Polisia.kz

Бүгін сағат 15:00 шамасында жергілікті полицейлер ІІМ қызметкерлерімен бірге Шамалған кентінің маңында кезекті қару сақталған орынды анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жедел іс-шара барысында тәртіп сақшылары екі қапты тәркіледі, оның ішінде 12 калибрлі үш тегіс ұңғылы мылтық, 410 калибрлі "Сайга" маркалы бір аңшылық мылтық, сондай-ақ "Вепрь" маркалы иір ойықты мылтық және 308 бен 7.62 мм калибрлі екі патроны бар екі ақсауыт болды.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.