Алматы қаласы Қоғамдық кеңес мүшелері кәсіпкерлермен кездесті

Алматы қаласы Қоғамдық кеңес мүшелері кәсіпкерлермен кездесті
Cурет: Almaty.tv

Жиында Конституциядағы өзгерістерге дауыс беруге шақырды

Референдумның мән-маңызы кәсіпкерлерге де түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қоғамдық кеңес мүшелері Алматыдағы базар саудагерлерімен кездесіп, Конституциядағы өзгерістерге дауыс беруге шақырды. Жиналғандар бұған қатысты өз ұсыныстарын айтты. Біршама сұрақтар да қойылды.

«Осындағы жұртшылықпен кездесіп, 6-маусымда өтейін деп жатқан референдум жайлы біраз кішкене мағлұмат беріп, сол кісілерге рефрендумның не екенін түсіндірдік. Өкінішке қарай кейбір азаматтар референдумды білмейді. Сондықтан бұған немқұрайлы қараудың қажеті жоқ. Бұл –  біздің Ата заңымыз», – деді қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Рамазан Бекбол.