Жастар жалақысы 122,5 мың теңге болды

Жастар жалақысы 122,5 мың теңге болды
Сурет: Іa-centr.ru

Жергілікті бюджеттен қосымша ақы төлеу арқылы жастардың жалақысы көтерілді.  

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, қала студенттерінің жалпы санының 25%-ы Бостандық ауданына тиесілі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жастарды қолдау үшін биыл біз (жергілікті бюджеттен қосымша ақы төлеу арқылы)  жастар практикасы бойынша жалақы көлемін 30-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейттік, ол 122,5 мың теңгеге жетті. Алматы – еліміздегі ең ірі студенттер қаласы. Бостандық ауданында жоғары оқу орындары (12) мен колледждердің (20) ең көп бөлігі орналасқан, онда 68 мың студент білім алады, бұл қала студенттерінің жалпы санының 25%-ын құрайды», -деді мегаполис басшысы.