Қалада 30 мыңнан астам адам мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қамтылған

Қалада 30 мыңнан астам адам мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қамтылған
Сурет: Sn.kz

Қала басшысы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті.

2022 жылғы 1 сәуірде Бостандық ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемаларын шешу, мүмкіндігі шектеулі  адамдарға қызметтер кешенін ұсыну, зейнеткерлердің бос уақытын ұйымдастыру және көп балалы отбасыларды қолдау үшін жеткілікті дамыған жүйе жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

 Бүгіннің өзінде әртүрлі үкіметтік емес ұйымдар аясында әлеуметтік жобалармен айналысатын 30 мыңнан астам адам мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша қамтылған.  

Мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсуі алаңдатып отыр. Егер бұдан 5 жыл бұрын қалада 45 мың адам болса, қазір олар  53 мыңнан асады, соның ішінде 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыз Бостандық ауданында тұрады.

«Жұмыс істейтін мүгедек адамдарды қолдау үшін біз жылдың басынан жұмыс істейтін мүгедектер үшін әлеуметтік жұмыс орындарын субсидиялау көлемін – 63 мыңнан 92 мың теңгеге дейін көбейттік, осы мақсаттарға 405 млн теңге (980 орын) бөлдік.

Алматыда мүгедек адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін шешу үшін 2021 жылдың қыркүйек айында тиісті жоспар бекітілді. Бостандық ауданы 72 объектіні бейімдеу жоспарын орындауға тиіс. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтіледі және өзімнің жеке бақылауыма аламын», - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев. 

.