Алматы халқының 18%-ы Бостандық ауданында тұрады

Алматы халқының 18%-ы Бостандық ауданында тұрады
Сурет: Google.kz

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша аудан алдыңғы қатарда.

Бостандық ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайына бүгін аудан тұрғындарымен кездесуде мегаполис басшысы Ерболат Досаев егжей-тегжейлі тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жаңа форматтағы алғашқы кездесуімді мен қаламыздың Бостандық ауданында өткізуді шештім, себебі бұл ең ірі аудан, онда 365 мың адам немесе Алматы халқының 18% тұрады», - деді қала әкімі.

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша аудан алдыңғы қатарда. Ол жұмыспен қамтудың 19,7%-ын қамтамасыз етеді (2021 жылы 193,6 мың адам, қаладағы барлық жұмыспен қамтылғандар – 982,7 мың адам). Олардың негізгі бөлігі шағын және орта бизнесте еңбек етеді – бұл аудандағы жұмыс істейтін халықтың 66,5%-ы (128,7 мың адам ШОБ-та).

Аудан салық түсімдерінің 24% қамтамасыз етеді, 2021 жылы 284,7 млрд. теңге инвестиция тартып, I-ші орынды иеленді. Биыл қаңтар-ақпан айларында инвестиция көлемі 13,2%-ға өсіп, 42,2 млрд теңгені құрады.

Биыл ауданда 7 000 астам жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз (қала бойынша – 52 200). Жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 730 адамды жұмысқа орналастыру және жеке бастамалар есебінен 4 413 орын жоспарлануда.