Биыл Алматыда Жеңіс күні тойланады

Биыл Алматыда Жеңіс күні тойланады
Сурет: Tengrinews.kz

Шаһарда соғыс ардагерлеріне 1 млн теңге беріледі

Биыл Алматы қаласында 9 мамыр – Жеңіс күні тойланады. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Отан үшін от кешкен ардагерлеріміз қашан да құрметке лайық. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында қарт майдангерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Әкімдік тарапынан қолдау мен құрмет көрсетіледі. Соғыс ардагерлеріне бір млн теңгеден беріледі. Сондай-ақ осы санатқа теңестірілген азаматтар мен тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі», - деді Алматы әкімі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, Жеңіс күні 28 панфиловшылар паркінде орналасқан «Мәңгілік алауға» гүл шоғын қою мен қан майданда қаза болған құрбандарды еске алу шарасы өтеді. Айта кетейік, биыл Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған әскери парад болмайды.