Жастар белсенді азаматтық ұстаным танытты

Жастар белсенді азаматтық ұстаным танытты

Жас ұрпақтың өкілдері өздерінің электоралдық құқығын пайдаланып, Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен түзетулерге дауыс берді.

«Жастар қазір өте белсенді: біздің елімізде болып жатқан түрлі Өзгерістер мен оқиғаларға қызығушылық танытады, қазақстандық қоғамның өмірін жақсартуға бағытталған барлық акциялар мен іс-шараларға белсенді қатысады және жаңа Қазақстанның идеясын барлық күш-жігерімен қолдайды және ілгерілетеді», – деді Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Алма Ауғанбаева.

Мысалы, Алматы қаласының Жастар ресурстық орталықтарының белсенділеріде шетте қалмады және таңертеңнен бастап өздерінің сайлау учаскелері дауыс берді. Сонымен қатар, бір ай ішінде жастар қозғалысының көшбасшылары құрдастарымен түрлі кездесулер, семинарлар өткізді, онда бүкіл Қазақстан үшін референдумның маңыздылығын түсіндірді.

«Кездесу барысында Алматылықтар Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген түзетулерге үлкен қызығушылық танытты, көптеген адамдар бұл өзгерістер еліміздің дамуы үшін маңызды қадам екендігіне сенім білдірді. Бүгін біз еліміздің, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның әрбір тұрғыны үшін өте маңызды оқиғаға қатыса отырып, өзіміздің белсенділігімізді көрсеттік», – деп атап өтті белсенді Сағида Сарбасова.