Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшылардың аты-жөндері белгілі болды

Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын спортшылардың аты-жөндері белгілі болды
Сурет: ашық дереккөз

19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды,  деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың бес түрі мен 10 дисциплина бойынша 42 спортшы қорғайды. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынайды.

Биатлон:

Алема Қарабаева

Ильяс Хасенов

Эвелина Мезенцева

Антон Редькин

Мария Воробьева

Кирилл Зотов

Тау шаңғы спорты:

Ростислав Хохлов

Александра Скороходова

Керлинг:

Мерей Тастемір

Ибрагим Тастемір

Конькимен жүгіру спорты:

Руслан Жанаділов

Михаил Матрюхин

Алина Шумекова

Кристина Шумекова

Шаңғы жарыстары:

Берік Боранбаев

Әубәкір Тотанов

Милана Мамедова

Виолетта Митропольская

Шаңғымен тұғырдан секіру:

Илья Мизерных

Илья Шильников

Софья Шишкина

Алена Свириденко

Фристайл-могул:

Юлия Феклистова

Денис Раструба

Шорт-трек:

Мейіржан Төлеген

Ерасыл Шыңғысхан

Анастасия Астраханцева

Полина Омельчук

Шайбалы хоккей 3х3:

Темірлан Айболұлы

Бексұлтан Мақыш

Арсений Кучковский

Әділхан Саттар

Никита Кулаков

Матвей Решетько

Расул Тұрсынов

Арман Төлен

Жахангер Тілеухан

Таир Бигаринов

Егор Кравченко

Роман Мичуров

Әнуар Ахметжанов

Шаңғы қоссайысы:

Арман Қуаныш

Азия құрлығы алғаш рет қабылдайтын жастар ойындарына Қазақстан 10 бағдарламада 42 спортшы апарады. Ал делегация сапында ресми өкілдер, бапкерлер, дәрігерлер мен БАҚ өкілдерін қосқанда 80-нен астам адам болады.

Барлығы бәсеке кезінде 79 мемлекеттен жиналған 1900-ге жуық атлет күш сынасады деп жоспарланған.