«Жас тұлпар», жалын шарпыған шығарма және әке туралы ойлар

Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен өткен онлайн кездесу

Назарбаев университетінің профессоры, филолог-ғалым Айгүл Ісмақованың ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, ғалым Мұрат Әуезовпен онлайн-вебинар өтті. Оған университеттің, қазақ тілі және түркология департаментінің басшысы, профессор Юлай Шамиоғлу қатысты.
Онлайн кездесуде Мұрат Мұхтарұлы әке туралы толғанысымен, қазақ әдебиеті жайлы пікірімен бөлісті. Назарларыңызға осы вебинарды ұсынып отырмыз.