Жапониядағы жарыстың финалында Путинцева есе жіберді

Жапониядағы жарыстың финалында Путинцева есе жіберді
Сурет: sports.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жұптық сында Осака (Жапония) WTA 250 турнирінің финалында есе жіберді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандық спортшы ресейлік Анна Калинскаямен бірге соңғы бәсекеде германиялық Анна-Лена Фридзам - украиналық Надежда Киченокпен шеберлік байқасты.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта германиялық-украиналық жұп 7:6 (7:3), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Олар 1 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді.

Ю. Путинцева мен А. Калинская 7 брейк-пойнттың үшеуін өз есептеріне жазды.

Осылайша, Юлия Путинцева жұптық сында барынша сәтті өнер көрсетіп, Жапониядағы жарыстың финалына дейін жетті.