Жапонияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 65-ке жетті

Жапонияда жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 65-ке жетті
Сурет: ашық дереккөз

Жапонияның орталығында болып жатқан зілзала құрбандарының саны 65 адамға жетті.

Оған өңірлік билік өкілдері жариялаған деректер дәлел болып отыр., деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

100-ден астам адам түрлі жарақат алған.

Қаза тапқандар мен жараланғандардың көбі –тоқтамай жатқан жер сілкінісі орталығына айналған Исикава префектурасы тұрғындары.

Ондаған зілзала салдарынан өрт тұтанып, 200-ден астам тұрғын үй күлге айналды, 100-ден астам нысанды жерасты дүмпуі қиратты.

Құтқарушылар, жедел қызмет өкілдері мен елдің Қорғаныс күші әскері үйінділерді жинап, адамдарды іздеп жатыр.

Бүгін таңнан бері зардап шеккен аудандарда жаңбыр тоқтамай тұр.

Журналистерге Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсимаса Хаясидің хабарлауынша, қазіргі уақытта эвакуациялық орталықтарда 32,5 мыңға жуық адам бар.

Жер сілкінісі басталғаннан кейінгі бірінші күндері Жапонияның орталық және батыстағы бөлігінің 60 мыңнан астам тұрғыны үйін тастап кетуге мәжбүр болды.

33 мыңнан астам үй жарықсыз отыр, зардап шеккен аудандарда интернет пен мобильді байланыс нашарлаған. Кей ауылдарда сумен жабдықтау мәселелері туындады.