Жапондықтар қайта күле бастады

Жапондықтар қайта күле бастады
Сурет: Amur.info

Жапония студенттері пандемия кезіндегі маскаларын енді тастап жатыр.

Олар жымиюды қайта үйреніп жатыр. Сол үшін Токиодағы Көркем өнер және дизайн институтында күлу сабағы өткізіле бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Эн-эйч-кей» телекомпаниясының хабарлауынша, жапондықтардың 55 пайызы әлі күнге дейін маска тағады. Сондықтан кейінгі жылдары жүзін толық көрсетпеген, бетінің бұлшық еттерін қозғалтпаған адамдар аз емес. Тұрғындардың көбісі осындай дәрістерге барып, адамдарға күлімдеп қарауды қайта меңгеріп жүр екен.