Жапондықтар Абэнің жерлеу рәсіміне қарсылық білдірді

Жапондықтар Абэнің жерлеу рәсіміне қарсылық білдірді
Сурет: Centralasia.media

Абэ мырза 8 шілде күні өлтірілген болатын.

Токиода жүздеген адам Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсімін өткізуге қарсылық білдіріп, көшеге шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Акцияға қатысушылардың көбі «Мемлекеттік жерлеуге қарсы!», «Жерлеу рәсімінен бас тартыңыз!» деп жазылған плакаттармен шықты, деп хабарлайды РИА Новости. Әзірге қамауға алынғандар туралы хабар жоқ.

Халық көшеге марқұм болған экс-премьерді еске алу үшін де шыққан. Мемлекет азаматтары гүл шоқтарын Куданзака саябағында орнатылған құрбандық шалатын жерлерге әкелді. Ол жерлеу рәсімі өтетін Будокан (жекпе-жек өнері үйі) аренасына жақын жерде орналасқан, деп хабарлайды Kyodo. Салтанатты шарада қауіпсіздікті 20 мыңға жуық полицей қамтамасыз етеді.

Абэ мырза үстіміздегі жылдың 8 шілдесінде митингіде сөйлеп тұрған кезде өлтірілген болатын. Оған оқ атқан 41 жастағы Тецуя Ямагами қамауға алынғаннан кейін саясаткерді не себептен өлтіргенін айтқан. Оның айтуынша, Синдзо Абэден «Бірлік шіркеуі» діни ұйымымен байланысы болған, сол себептен саясаткер оның отбасын құртқаны үшін кек алғысы келген.  

Қазақстан атынан жерлеу рәсіміне Мемлекет басшысының тапсыруымен Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысады.