Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
Сурет: ашық дереккөз

12 қыркүйек күні белсенді циклон мен онымен байланысты фронталды бөліктердің салдарынан елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Елдің орталығында, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, солтүстікте, солтүстік-батыста – тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарында өрт тұтану қаупі бар.