Жаңбыр, қар, көктайғақ

Жаңбыр, қар, көктайғақ
Сурет: ашық дерекөз

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 24 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ҚР аумағы арқылы жылжуын жалғастырады және елдің басым бөлігіне ықпалын сақтайды, сонымен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте – қатты жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аудандарында бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Түркістан облысының тау асуларында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса жел күтіледі.