Жанаркүл Шайзақызы: «Желтоқсан – ел Тәуелсіздігінің бастауы» фильмінде көп шындық қамтылған

Жанаркүл Шайзақызы: «Желтоқсан – ел Тәуелсіздігінің бастауы» фильмінде көп шындық қамтылған
Cурет: Almaty.tv

Ұлттық тарихымызда Желтоқсан оқиғасының орны ерекше. Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай түсірілген «Желтоқсан – ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильм желтоқсаншылардың өткенін еске cалды. Желтоқсан оқиғасына қатысқан Жанаркүл Шайзақызы фильмге қатысты өз әсерін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

«Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай түсірілген деректі фильмді қарадық. Бұл фильмде көп нәрсе қамтылған екен. Өткенімізді еске алдық. Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай бірқатар шара өткізіліп жатыр. Еліміз гүлденіп, туымыз желбірей берсін!» – деді желтоқсаншы Жанаркүл Шайзақызы.