Жаңа жылдық фестиваль, концерттер және Алматыда бас шыршаның шамын жағу

Жаңа жылдық фестиваль, концерттер және Алматыда бас шыршаның шамын жағу
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Жүздеген жарық декоративті конструкциялар, ұзын - сонар жарқыраған гирляндалар, 60 – тан астам жасанды шыршалар, жарық иллюминацияларын ілу-осының барлығы  Алматыны   жаңа 2024 жылдың  қарсаңында безендіреді.

Биіктігі 20 метр болатын Бас шырша Абай алаңында орнатылды, шыршаның шамдарын жағу рәсімі бүгін (20 желтоқсан) сағат 19:00-де өтеді. Салтанатты іс - шара қазақстандық эстрада жұлдыздары - Роза Рымбаева, Мәдина Сәдуақасова, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, «Жігіттер», «Кешью»,  «Ринго», «Шамис» және т. б. топтардың қатысуымен концерттік бағдарламаға жалғасады.

Жаңа жылдық шыршалар әр ауданның негізгі алаңдарында орнатылған: Алмалы ауданы – «Астана» алаңы, Абай атындағы ҚазҰТЗУ алдындағы алаң,  Алатау ауданы – «Алматы Арена» мұз айдыны алдындағы алаң, Әуезов ауданы-Н. Сац атындағы жасөспірімдер театры алдындағы алаң, Бостандық ауданы – Тұңғыш Президент атындағы саябақ,  Балуан Шолақ атындағы  спорт сарайы, Жетісу ауданы – Серіков көшесі, 2а, Медеу ауданы – «Халық арена» МС алдындағы алаң, «Медеу» биік таулы спорт кешені, Түрксіб ауданы – Сейфуллин даңғылы бойындағы №6 оқушылар үйі, Наурызбай ауданы – Шұғыла ш/а, 347. Сондай – ақ, қаланың қоғамдық кеңістігі, жаяу жүргіншілер көшелері-Панфилов, Жібек жолы, магистральдық көшелер: Сәтбаев көшесі, Төле би көшесі, Майлин көшесі, Назарбаев даңғылы, Әл-Фараби даңғылы, Абылай хан даңғылы және т. б. жарық композицияларының бірыңғай стилінде безендірілген.

31 желтоқсанда жаңа жыл қарсаңында «Астана» алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өткізу жоспарлануда, оның соңы мерекелік отшашуға ұласады.

Бұдан басқа, мегаполистің тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың барлық аудандарын қамтитын Жаңа жылдық фестиваль ұйымдастырылады. Фестиваль бағдарламасында халықтық караоке, би флешмобы, байқаулар, спектакльдер, эстрада жұлдыздарының қатысуымен жанды музыка, хаскимен фотосессиялар, шеберлік сыныптары мен көрмелер, қалалық мейрамханалар және кафелердің гастро- корнерлері (21-31 желтоқсан аралығында Абай және «Астана» алаңдары сағат 16:00-ден 21:00-ге дейін, 27-31 желтоқсан аралығында әр ауданның негізгі алаңдарында сағат 16:00-ден 21: 00-ге дейін) болады  және 25 желтоқсанда Аяз Аталар шеруі өтеді.