Жаңа жеңістер: Алматы құрама командасының қоржыны 55 медальмен толықты

Жаңа жеңістер: Алматы құрама командасының қоржыны 55 медальмен толықты
Сурет: Ашық дереккөз

Жарыс 3-7 сәуір аралығында Google Meet платформасында онлайн форматта өтті

Оқушылардың республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытындысы бойынша, Алматы құрама командасының қоржыны 15 алтын, 20 күміс және 20 қола медальмен толықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен 900-ден астам 8-11 (12) сынып оқушысы бақ сынасты. Олар 19 секция бойынша 700-ден астам жоба ұсынды. Жарыс 3-7 сәуір аралығында Google Meet платформасында онлайн форматта өтті.

Байқау ережесіне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальмен қоса I, II, III дәрежелі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломымен марапатталды. Жарыстың тағы 7 қатысушысына ерекше жетістігі үшін грамота берілді.