Жаңа ипотека іске қосылмақ

Жаңа ипотека іске қосылмақ
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Үкімет жаңа ипотеканы сәуірдің соңында, мамырдың басында іске қоспақшы. Бұл туралы бағдарламаның операторы Отбасы банкі Krisha.kz-ке мәлім етті.

Әзірше бағдарламаның бүге-шігесі айқындалған жоқ. Тек белгілісі: 7%-дық мөлшерлеме тұрмысы төмен отбасыларға арналған: мұндай санатқа көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар және т.б. Қалған жұртқа – 9%-дық мөлшерлеме, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Заемның ең жоғарғы көрсеткіші Алматы мен Астанада – 30 млн теңге. Басқа аймақтарда – 18 млн теңге.

Бастапқы нарықтағы баспананы Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталығының 17 қаласынан сатып алуға болады: Ақтау, Ақтобе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорган, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен.

Қалған басқа елді мекендерден – кез келген баспана: бастапқы, қосалқы нарық, оның ішінде жеке меншік үйде бар.