Жәнібек Әлімханұлы 14 қазан тарихи күн болатынын мәлімдеді

Жәнібек Әлімханұлы 14 қазан тарихи күн болатынын мәлімдеді
Сурет: 24.kz

 Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында екі бірдей титулды иемденем деген мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, ол осы аптаның аяғында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы – германиялық  Винченцо Гуальтьери. Жекпе-жек кешінің өзі АҚШ-тың Розенберг қаласында болады деп жоспарланып отыр, деп хабарла

Бұл кездесуде орта салмақтағы қос чемпиондық атақ, яғни, WBO және IBF белдіктері сарапқа салынады. Айта кету керек, екі боксшы да бүгінге дейін жеңіліп көрмеген. Гуальтьери кәсіпқой рингте 21 кездесу өткізіп үлгерді. 20-сында жеңді. Біреуі тең нәтижемен аяқталды. Ал Жәнібектің көрсеткіші 14 жекпе-жек, 14 жеңіс. Ол ең соңғы рет биыл мамыр айында жұдырықтасты. АҚШ төрінде канадалық Стивен Батлерді жеңіп, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.