«Зерделі» шағын ауданын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде

«Зерделі» шағын ауданын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде
azattyq-ruhy.kz

Қисайып кеткен 30 үйді түзету және нығайту жұмыстары толық орындалды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда аула учаскелерін абаттандыру және асфальттау жұмыстары аяқталды.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының қорытындысына сәйкес нығайтылған және түзетілген үйлер одан әрі пайдалануға жарамды. «Отбасы банк» акционерлік қоғамының пәтерлерді кепілге алу мәселесі биылғы жылдың қыркүйек айында реттелетін болады.

Осы шағын ауданда жасыл аймақтарды, 2 балалар алаңын, қарттарға арналған демалыс аймағын, шағын сәулет формаларын, атриум-аймақтарды орналастыра отырып, сквердің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сонымен бірге мұнда әртүрлі ағаштардың 200-ден астам түрі отырғызылатын болады. Бұл сквер бұзылған 2 аяқталмаған үйдің орнына салынады.