Заңсыз жарнамаға жол жоқ

Заңсыз жарнамаға жол жоқ
qogamnews.kz

Автобустардағы жарнама материалдарына қатысты қалалық мобилділік басқармасының ақпараты

Соңғы кездері Алматыдағы қоғамдық көліктерде түрлі жарнамаларды орналастыру жиілеп кетті. Атап айтқанда, мұндай фактілер №141, 47, 50, 85, 112, 63, 120, 121 бағыттарда тіркелді. 

Келісілмеген жарнама мәтінін автобус және троллейбус салондарында жариялау субсидиялау келісімшартының талаптарына сай келмейді. Сондықтан қалалық мобилділік басқармасы мұндай жарнамалардың анықталса, онда тасымалдаушы компанияларға ескертулер жіберетін болады. 
Қалалық мобилділік басқармасы мамандары тасымалдаушы компания қызметкерлерімен бірлесе отырып осындай заң бұзушылықтарды анықтау және жою бойынша рейд шараларын ұйымдастырады. 

Басқарма тарапынан тасымалдаушы компанияларға көліктердегі жарнама ілінетін саңылауларды бітеп тастау туралы тапсырма берілді.