Алтын арқалаған алтау

Алтын арқалаған алтау
24 kz

Жамбыл облысында 6 адам 20 қап алтынмен ұсталды

Оқиға Мойынқұм ауданында болған. Күдіктілер құрамында алтыны бар кенді қазып, қапқа салып жинаған. Оны жүк көлігіне тиеп алып кетпек болған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Ұсталғандардың бесеуі Жамбыл, біреуі Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Олардан генератор, темір кескіш, балға сияқты құрал-сайман тәркіленді.

– Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 334-бабы Жер қойнауын өз бетінше пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Заттай айғақтар тәркіленіп, қазіргі таңда сот-химиялық сараптамасы тағайындалды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталуда, - дейді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.