Заңгер кеңесі: Еңбексіз пайда табамын деу – бос әурешілік

Заңгер кеңесі: Еңбексіз пайда табамын деу – бос әурешілік
b-56.ru

Сұраққа заңгер Бағдат АМАНДОСҰЛЫ жауап береді

Алаяқтың шетелдік екенін қалай білуге болады?

– Олар көбіне «Qivi кошелек» арқылы шоттарға жібереді. «Бірлік ретінде немесе шетелдік банк шоты арқылы сал» деп жатады. Шетелдегі шоттардағы ақшаны кері қайтару өте қиын. Бір ғана қағиданы ұстану керек.

Тегіннен-тегін, еңбексіз пайда табамын деу – бос әурешілік. Бұл – өмірдің қағидасы. Ол рас болса, елдің бәрі байып кетер еді. Өте қарапайым жағдайда алданып қалып жатады.

Алаяқтар білімді болады. Сенімге кіру үшін түрлі ақпарат береді.

Әзірлеген Гүлжанат СЕМБАЕВА.