Үзілген электр қуаты қалпына келтірілді

Үзілген электр қуаты қалпына келтірілді
Сурет: ашық дерекөз

Бостандық ауданында электр кабельдерінің зақымдануы қалпына келтірілуде

Есқараев көшесіндегі Seven Hills тұрғын үй кешенінде электр қуаты үзілді. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Есқараев көшесіндегі жылу трассасын қайта жаңарту кезінде траншеяға топырақ опырылып түскен, бұл мердігер ұйымның технологиялық нормаларды өрескел сақтамауы салдарынан болды.

Зардап шеккендер жоқ.

Алайда, құлаған жер қабаты жақын маңдағы үйлерді қуаттандыратын электр кабельдерін зақымдады.

Қазіргі уақытта "Алатау Жарық компаниясы" АҚ апаттық бригадасы қуатсыз ғимараттарға электр энергиясын беруді қалпына келтірумен айналысады. 

Сондай-ақ, жергілікті кафенің жазғы алаңына ішінара зиян келтірілді.

Болған оқиғаның салдарын жою процесі қалалық әкімдіктің бақылауына алынды.

Штаттан тыс жағдайдың туындауына жол берген мердігер ұйымға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

 "Алматы жылу желілері” ЖШС