Ұтарымыз көп

Ұтарымыз көп
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Бүгінгі қоғамда көрші Қытай елімен арадағы қарым-қатынас туралы сан алуан пікірлер бар.

Әсіресе соңғы виза мәселесі төңірегінде алып қашпа әңгімелердің көбейгендігін айтуымыз керек. Десекте, визасыз қатынас жасаудың пайдалы жақтары баршылық екенін арнайы мамандар айтуда. Біз тележүргізуші Ольга Спиринаның пікірін білген едік.

-Осы күнге дейін визасыз кіру мүмкіндігі, менің ойымша ол жақсы жаңалық. Қазақстандықтар Қытайға жиі барып тұрады. Емделуге де барады. Жасайтын кәсіпкерлер де бар. Сондықтан бұл біз үшін тиімді. Біз тек қана ұтамыз деп ойлаймын. Оның үстіне кеше ғана Қазақстан Ассамблеясының сессиясы өтті. Сол жерде мемлекет басшысы Қазақстан төлқұжатының қандай беделге ие екенін атап өтті. Виза алудың өзі үлкен проблема ғой негізі. Өйткені құжаттарды жинайсың, тапсырасың, күтесің. Ал сол визаны саған бере ме, бермей ме? Ол бөлек бір мәселе. Одан кейін визаны алу үшін қосымша қаражат жұмсауың керек. Қазір біз сол проблемадан құтылдық.

         Туристер өздері біздің елге келген кезде өздерінің ақшаларын қалдырады. Яғни, туризм саласын дамытып, экономиканы көтеріп, елімізді байытады. Сондықтан, бұл жерде кемшіліктерді көріп тұрған жоқпын. Керісінше артықшылықтарды байқап отырмын,-деді ол.