Үш рекорд: жүзуден Қазақстан кубогі өтуде

Үш рекорд: жүзуден Қазақстан кубогі өтуде
Сурет: Olympic.kz

4-8 желтоқсан аралығында Талдықорғанда жүзуден Қазақстан кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Турнирге Қазақстанның барлық аймағынан спортшылар қатысуда. Ұлттық құрама мүшелері де өз шеберіктерін көрсетті. 

Атап айтар болсақ, Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Қазақстан рекордын жаңартты (26.63).

Әділбек Мусин де аталған қашықтықта ел рекордына түзету енгізді (22.89).

Ксения Игнатова 200 метрге еркін әдіспен жүзуде 1.58.78 көрсеткішімен Қазақстан рекордын жаңартты. 

Алда әлі үш жарыс күні бар.