«Не шықса да Шымкенттен шығады»

«Не шықса да Шымкенттен шығады»
Сурет: Inform.kz

Шын мәнінде,Шымкентте қозықұйрық шығып жатыр.

Күннің жылылығынан Шымкентте қозықұйрық өсуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Уәли Қыдыр есімді шымкенттік тұрғын қозықұйрық өсіп тұрған аймақты видеоға түсіріп, желіге жүктеді. Онда бір топ жігіттің қозықұйрық теріп жүргенін көруге болады.

«Бағбанды алып келіп жерді көрсетпек болып едік, қозықұйрық өсіп кетіпті», - дейді видео авторы.

Ал, табиғаттың тосын сыйына көпшілік таңқалысып, түрлі пікірлер жазып жатыр. Олардың арасында «Құдайдың кереметі осы. Қазір әлемде күн, ауа бәрі өзгерісте»,«Не шықса да Шымкенттен шығады деген осы», «Ауа-райы көктеммен сәйкес келіп тұрған шығар?», «Бақшада көп шығып жатыр ғой, теріп алып жеуге қорқып отырмыз», -деп жазылған жазбалар бар.