«Үміт» ІІ республикалық студенттік театр фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

«Үміт» ІІ республикалық студенттік театр фестивалінің жеңімпаздары марапатталды
Сурет: Ашық дереккөз

Бүгін «Үміт» студенттік театрлардың ІІ республикалық фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 29 қараша-1 желтоқсан аралығында өткен байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 11 театр ұжымы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның мақсаты – жастар шығармашылығын қолдау, студенттік театрларды насихаттау, университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Фестиваль қорытындысы бойынша, бірінші орынды Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Мұрагер» студенттік театры иеленді. Екінші орын М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің «SINTEZ» театрына бұйырды. Үшінші орынды Тұран университетінің «TeART Turan» шығармашылық тобы жеңіп алды.  

Бірінші орын үшін жеңімпаздар 300 000 теңге, екінші орын үшін 200 000 теңге, үшінші орын үшін 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат алды.