Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы спортшылар кездесті

Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы спортшылар кездесті
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаев пен Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі алдында Олимпиада қалашығына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz сілтеме жасап.

Спортшыларымызды орналастыруға, тамақтануға, логистикаға және басқа да маңызды мәселелерге жауапты жедел штабтың жұмысымен танысты. Штаб қызметкерлері жұмыс қалай жүріп жатқанын айтып, нәтижелері туралы есеп берді.

Айта кету керек, Қазақстан құрамасына тәулік бойы қолдау көрсетіледі. Штаб қызметкерлерінің спортшылармен бір ғимаратта тұруы кез-келген проблеманы өте тез шешуге мүмкіндік береді.

Азия ойындарына ұлттық құрама сапынан 524 спортшы (262 ер және 262 әйел) қатысқалы отыр. Олар спорттың 30 түрінен сынға түседі. 

Жалпы алғанда, Азияның 45 елінен келген 15 мыңнан астам спортшы 40 спорт түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады.