Алматыда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтуде

Алматыда ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтуде Суреттерді түсірген - Қ.Қоныспаев

Алматыда Абай облысы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтуде, - деп хабарлайды Almaty Aqshamy. 


Жәрмеңке өткізу дәстүрі сонау Патша Үкіметінен бері жалғасуда. Онда тауар өндірушілер өз өнімдерін тұтынушыға сатып қана қоймай өз жеке брендін қалыптастырады. Ол сонымен қатар тек сауда ғана емес, мәдени байланыс рөлін де атқарады. Біздің тарихымызда атақты Қоянды, Қарқаралы сияқты жәрмеңкелер болған. 


Бұл дәстүр әсем қала Алматыда жалғасын тауып отыр. Мұндай іс-шаралар жиі-жиі ұйымдастырылады. Оны ұйымдастыруда Алматы қаласы әкімдігі мұрындық болып келеді. 


Бұл жолы Абай облысының кәсіпкерлері өздерінің ауыл шаруашылық өнімдері қалалықтарға паш етті. Оған облыстың 6 ауданының, сонымен қатар, Семей қаласының фермерлері қатысып жатыр. Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім – ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майлары және т.б. ұсынылады. 



Бүгін таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін еліміздің шығысының фермерлері өнімдерімен елді қуантты. Сатып алушылар да баршылық. Басым көпшілігі егде жастағы қалалықтар. Сөздеріне қарағанда жақын жердегі пәтерлерде тұрады. 



Жәрмеңке ертең, яғни 24 қыркүйекте жалғасатынын ескерте кеткен жөн. Өтетін орны сол баяғы Шоқан Уәлиханов атындағы алаң. Қалалықтарға ыңғайлы болу үшін Шевченко көшесі бойымен, Қонаев көшесінен Пушкин көшесіне дейін жол жабық. 



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03

13:04

12:53

12:42

12:24

12:22