Ұлт саулығы – жарқын болашақ кепілі

Ұлт саулығы – жарқын болашақ кепілі
almaty-akshamy.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауына қатысты өз ойым, халық арасында көп айтылып, бірақ Үкімет тарапынан бұған дейін шешімін таппай жүрген өзекті мәселелердің түйіні шешілетін сәт туды.

Мемлекет басшысы елдің үміті саналы да білімді болашақта екеніне ерекше мән беріп, бала тәрбиесіне жауапты жандарға бет бұрды. Ұлттық қор үлесінен 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарына қаражат үлестіру  – олардың  өз Отанына деген сенімді күшейтетіні анық. Медицина  саласында да көп елеулі өзгерістер бастамасына жол ашылды. Ауылды жерлерде дәрігерлік амбулаторлық пункттерден бастап университеттік клиникалардың салынуы – медициналық көмектің қолжетімді әрі сапалы болуына мүмкіндік туғызады.

 «Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша  мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды», - деді Президент. Ұлт саулығы – елдің жарқын болашағының кепілі. Жолдауда көтерілген мәселелер көп ұзамай жүзеге асатынына сенемін.