Қостанайдағы егін алқаптары өрттен зардап шеккен жоқ – министрлік

Қостанайдағы егін алқаптары өрттен зардап шеккен жоқ – министрлік
Сурет: Inform.kz

Республиканың барлық аймақтарында егін жинау науқаны жүріп жатыр.

Осы уақытқа дейін 11 млн 2 мың тонна астық бастырылды. Дәнді-дақылдың орташа өнімділігі – гектарына 12 центнер. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек айтты. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау алаңы – 23,4 млн гектар. Оның ішінде дәнді дақылдар алқабы 16 млн гектардан асады. Орақ науқанын іске асыру үшін шаруаларға жеңілдетілген бағада дизель отыны беріліп жатыр. Литрі 203 теңге. Сондай-ақ вице-министр Қостанайдағы егістік алқаптары бойынша мәлімет берді.

«Қостанай облысында жергілікті әкімдіктердің мәліметіне сәйкес, бірде-бір ауыл шаруашылығы жерлері зардап шеккен жоқ. Анықталған ақпараттың барлығы Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан тек қана орман қоры жерлері деген ақпарат беруде. Егер ауыл шаруашылығы егістіктері зардап шегетін болса, тауар өндірушілерге зиян келсе, онда төтенше жағдай есебінен ертеңгі күні шығындары бағаланып, толығымен өтелетін болады», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек.