«Ұлы дала ағартушылары»

«Ұлы дала ағартушылары»
Сурет: Gov.kz

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхананың сайтында есімдері білім саласының қалыптасу тарихында алтын әріптермен жазылған ұстаздарға: Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Қанипа Бітібаева, Аягүл Миразова т.б. арналған «Ұлы дала ағартушылары» электронды кітапханасы құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Электронды кітапханада ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері, мақалалары мен зерттеулері туралы ақпарат алуға болады. Барлығы 1000-нан астам еңбек ұсынылған.

Электронды кітапхана жыл бойы жаңа ақпараттармен толықтырылады. Алдағы уақытта электронды кітапхана білім саласына еңбегі сіңген ұстаздар еңбегімен толыға бермек.

Қазіргі таңда электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 12 мыңға жуықтады.