ҰҚК үш өңірде арнайы операция өткізді

ҰҚК үш өңірде арнайы операция өткізді
Сурет: Gov.kz

Қазіргі уақытта жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті еліміздің әртүрлі өңірлерінде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар есірткімен айналысатын топтың заңға қайшы іс-әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жедел зерделеу жұмысының нәтижесінде Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың көмекшілері ұсталып, 5,5 тоннаға жуық аталған апиын түрі тәркіленді.

Осы операцияның екінші кезеңі барысында Өскемен қаласында 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталды. Дәл осы уақытта Қарағанды қаласында жалға алған қоймаларда 10 тоннадан аса есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды.

Тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан суық қару мен ірі көлемде ақшалай заттар табылып, тәркіленді. 

Алдын ала тергеу анықтағандай, аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланған.

Жалпы, қолға түскен есірткі көлемі 16 тоннадан асты. Қазіргі уақытта жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.