Үкіметте темекіге бақылауды күшейту мәселелері талқыланды

Үкіметте темекіге бақылауды күшейту мәселелері талқыланды
Сурет: Inform.kz

Үкімет үйінде Қазақстанда темекіге бақылауды күшейтудің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясы (ДДҰ ТКНК) Хатшылығының басшысы Адриана Бланко Маркизомен кездесу өткізді. Тараптар қазақстандық заңнаманы ДДҰ ТКНК стандарттарына үйлестіру бағытында ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстанда темекіге бақылауды күшейтудің өзекті мәселелерін талқылады.