Үкімет тұрғын үй саясатын қайта қарамақ

Үкімет тұрғын үй саясатын қайта қарамақ
Сурет: Gov.kz

Мемлекеттік органдар 1 айда нақты тәсілдерді әзірлеуі қажет.

Смайылов баспанаға мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мемлекет басшысы Құрылыс кодексін қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Құрылыс саласын жетілдіру қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс саласындағы барлық құқықтық олқылықпен қайшылықты жою қажет», - деді ол Үкімет басшысы.

Премьердің айтуынша, сұраныстың көбеюін ескеріп тұрғын үй саясатын қайта қарау қажет.

«Баспанаға барынша мұқтаж адамдарға басымдық берілуге тиіс. Индустрия министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 айда нақты тәсілдерді әзірлеуі қажет. Шекара маңындағы аудандарға қоныс аударғысы келетін азаматтар үшін тұрғын үй бағасын арзандатуға көңіл бөлу керек», - деді премьер.