Үкімет отырысында Балалар жылына арналған іс-шаралар талқыланады

Үкімет отырысында Балалар жылына арналған іс-шаралар талқыланады
Сурет: Massaget.kz

Елімізде 2022 жыл - Балалар жылы деп жарияланды.

ҚР Премьер-Министрі Ералы Тоғжановтың айтуынша, Балалар жылына арналған іс-шаралар Үкімет отырысында талқыланады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Білім беру жүйесіндегі барлық жұмыс, барлық қабылданған іс-шара оқушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделеріне бағытталуы тиіс. Барлық құжаттың астарында балалардың келешегі тұруы керек. Әсіресе, 2022 жыл - Балалар жылы. Бұл - Мемлекет басшысының тікелей бастамасы. Біз Балалар жылының мазмұнын маңызды іс-шаралармен толтыруға тиіспіз», - деді Үкімет басшысының орынбасары Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Үкімет басшысының орынбасары, әсіресе, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, мүгедек балаларға қамқорлық жасаудың маңызы өте зор екендігін баса айтты.

«Сондықтан осы бағыттағы халықаралық тәжірибенің барлығын тағы да зерттеуді тапсырамыз. Бұл бағытта алдымызда біраз міндеттер тұр. Өздеріңізге белгілі, Балалар жылын өткізуге арналған жұмыстарды ұйымдастыру басталды. Сондықтан осы ретте іске асырылатын нақты іс-шараларды Үкіметтің отырысында арнайы талқылайтын боламыз. Мұның бәрі өте маңызды», - деді Ералы Тоғжанов.