WhatsApp-та жаңа функция пайда болады

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады
Сурет: Vsezvuki.com

Жаңа функция болашақта қосымшаны жаңартқан кезде шығады.

WhatsApp мессенджерінде топтарға арналған жаңа бөлім пайда болады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

WABetaInfo порталының журналистері жаңартылған мессенджер интерфейсі көрінетін суретті жариялады. Бұл функция iOS қосымшасында сынақ режимінде пайда болады. Камерасы бар белгінің орнына қолданушыны топқа бағыттайтын батырма болады.

WhatsApp-та топтар пайда болуы мүмкін екені туралы ақпарат 2021 жылғы қарашада белгілі болды. Бұл функцияның көмегімен топтарды біріктіруге болады. Жаңа бөлім «Топтардың басты беті» деп аталады.

Айта кетейік, бұл функция әлі қосылған жоқ, өйткені ол әзірленіп жатыр. Жаңа функция болашақта қосымшаны жаңартқан кезде шығады.