WhatsApp чаттарды атаусыз ашуға болады

WhatsApp чаттарды атаусыз ашуға болады
Сурет: интернеттен

Бұрын WhatsApp-та топ құрғанда оған атау беру керек болған.

WABetaInfo жазғандай, енді онда аноним топтар құру мүмкіндігі енгізіліп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Толығырақ айтқанда, пайдаланушылар жаңа топтың атын ойластырып үлгермесе және тез арада чат ашуы керек болса, оны аноним етіп те аша алады. Дегенмен мұндай топтағы қатысушылардың саны 6 адамнан аспауы керек. Ал кәдімгі WhatsApp тобында бұрынғыша 1024 адамға дейін бола алады.

Сонымен қатар, ортақ чаттар оған қосылған пайдаланушылар негізінде динамикалық түрде аталады. Телефонда контактілерді сақтағанына немесе сақтамағанына байланысты топтың атауы әр мүше үшін түрлі болып көрінеді. Контактілерін сақтамаған адамдармен аты аталмаған топқа қосылсаңыз, топ атауында нөміріңіз көрінеді.

Жаңа мүмкіндік жақын достар мен отбасыларға көбірек бағытталған болуы мүмкін. Бұл мүмкіндік алдағы бірнеше аптада бүкіл әлем бойынша пайдаланушыларға қолжетімді болады.