WBC Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегіне қатысты жаңа мәлімдеме жасады

WBC Головкин - «Канело» үшінші жекпе-жегіне қатысты жаңа мәлімдеме жасады
Cурет: Inform.kz

Кез келген уақытта допинг-тест алынады

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Sports.kz сайтының мәліметінше, WBC сайтында айқас алдында боксшылардан кез келген уақытта допинг-тест алынатыны жазылған.

«WBC бекіткен барлық хаттамаларды орындай отырып, екі спортшы да VADA-ның барлық талабы бойынша ықпалдастыққа толық дайындығын атап өтті. Себебі Сауль Альварес пен Геннадий Головкин Таза бокс бағдарламасына (CBP) қосылған. Ол бойынша 17 қыркүйектегі жекпе-жекке дейін екеуінен кездейсоқ допинг-тестілер алынып отырады», - делінген хабарламада.