VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының Х сессиясы өтті

VII сайланым Алматы қаласы мәслихатының Х сессиясы өтті
Сурет: Homsters.kz

Бүгін Алматы қаласының әкімдігі мегаполистің негізгі салаларын дамытуға бағытталатын 37,2 млрд. теңге сомасындағы қалалық бюджетті нақтылау мәселесін мәслихат сессиясының қарауына ұсынды.

Оның ішінде, қоғамдық көлікті дамыту және қолдау тұрғысынан 150-ге жуық автобус сатып алынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сумен және кәріз желілерімен қамтамасыз етуге қатысты Шаңырақ-1, Ерменсай ш.а. су құбыры мен кәріздің тарату желілерін салуға қаражат бөлінетін болады.

Электр.мен жабдықтау және жарықтандыру бойынша «Алмагүл» шағын ауданында ПС-110/10-10 кВ орнату жоспарланған.

Әлеуметтік нысандарға қатысты, Самал-2 шағын ауданда №114 және 116 балабақшаларда қайта құруға қаражат бөлінді.

Сондай-ақ, әлеуметтік объектілерде инженерлік желілер салынатын болады, оның ішінде:

  • «Кемел» шағын аудандағы медпунктерге арналған желілер мен абаттандыру.
  • №6, 132, 117 мектептерге жапсарлас құрылыстарға арналған инженерлік желілер.
  • «Ақбұлақ» ш.а. абаттандыру және көгалдандыру.
  • «Нұркент» ш.а. жол құрылысы.