Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұрпағының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсету керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұрпағының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсету керек
Inform.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында кәсіпкерлікті реттейтін жаңа заң бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтатынын атады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігі сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни, бұл - өзінің балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер. Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды екенін де айтты.

«Мен бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтып, оның өсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қойдым. Үкімет осы заңды нақты іс жүзінде пайдалануы қажет», - деді ол Мәжіліс отырысында.