«URKER» – 2023 ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

«URKER» – 2023 ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды
Сурет: Elorda.info

Өтінімдер 12 номинация бойынша қабылданады

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтайтын «URKER» – 2023 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпаратынша, байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінім қабылдау 9 тамыздан бастап 4 қыркүйекке дейін жалғасады.

Конкурcтық жұмыстар 2022 жылғы 25 қыркүйек пен 2023 жылғы 8 тамыз аралығында мерзімдік басылымдарда, интернет-ресурста жариялануы не радиоэфирде шыққан болуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады (екеуден артық емес).

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында келесі аталымдар бойынша қабылданады:

Жылдың үздік сұхбаты;

Жылдың үздік репортажы;

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал;

Жылдың үздік журналистік зерттеуі (Сейдахмет Бердіқұлов атындағы арнайы номинация);

Жылдың үздік аналитикалық материалы;

Жылдың үздік жаңалықтар порталы;

Радиостанциядағы үздік жоба;

Жылдың үздік фотосуреті;

Үздік өңірлік БАҚ;

Үздік халықаралық БАҚ (баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы);

Үздік подкаст;

Үздік YouTube каналы.

Бәйгеге түсетін жұмыстарды (материалдарды) белді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа сарапшылар – байқаудың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздігіне – жеңімпаз атағы беріліп, «URKER» – 2023 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақы табысталады.

Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.