Украиналық босқындар саны 4,5 млн-нан асып кетті – БҰҰ

Украиналық босқындар саны 4,5 млн-нан асып кетті – БҰҰ
Cурет: Ашық дереккөз

Олардың 90%-ы – балалар мен әйелдер

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы көрші елдерге 4 жарым миллионнан аса адам босып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың 90%-ы – балалар мен әйелдер. Жуырда БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы осындай мәлімет келтірді. Оған сай, украиналықтардың көбі Польшаға ауған. Бұл елге 2 жарым миллионнан астам азамат пана іздеп барыпты.

Жалпы, БҰҰ келтірген дерек бойынша, украинадағы ахуалға байланысты ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болған азаматтардың саны да жетерлік. Соңғы есеп бойынша, 7 миллионнан астам азамат үйін тастап кеткен.