Тәлібтер Ауғанстанды басқарудың жаңа жүйесін ұсынбақ

Тәлібтер Ауғанстанды басқарудың жаңа жүйесін ұсынбақ
сурет: Tass.ru

Басқарудың жаңа үлгісі барлық тұрғындардың құқығын қорғауға бағытталмақ. 

Тәлібтер келіссөздер барысында батыс әскерін Ауғанстаннан достастық қарым-қатынаста шығару мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Reuters агенттігінің жазуынша, тәлібтер өкілі алдағы аптада Ауғанстанды басқарудың жаңа жүйесі ұсынылатынын мәлімдеді. Тәлібтер өкілі Ауғанстандағы басқарудың жаңа үлгісі барлық тұрғындардың құқығын қорғауға бағытталатынын айтты. 
Сондай-ақ Reuters тәлібтер өкілі олардың Кабул әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысы жоқ екенін мәлімдегенін жазды.