Мұнай бағасы арзандады

Мұнай бағасы арзандады
сурет: Tass.ru

Brent маркалы мұнай бағасы мамыр айынан бері алғаш рет 65 доллардан арзандады.

Лондон ICE биржасында 2021 жылдың қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 64,97 долларға дейін 2,23%-ға төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл қор биржаларындағы сағат 00:02-дегі сауда алаңындағы деректерден мәлім болды. Соңғы рет Brent бағасы 21 мамырда барреліне 65 доллардан төмен болған. Сағат 00:21-ге қарай Brent маркалы мұнай бағасы $65,04 (-2,12%) деңгейінде болған. WTI маркалы мұнай барреліне 61,86 долларға дейін арзандады (- 2,58%).