«Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы»

«Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы»
Сурет: Aikyn.kz

Түрік тілінде осындай атпен Бауыржан Момышұлы туралы жаңа кітап жарық көрді. 

Іс-шараға түрік зиялы қауым өкілдері, қазақ және түрік студенттер және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен, түрік ғалымы Ашур Өздемірдің, Бауыржан Момышұлының өмір жолын қамтыған «Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы» атты кітабының тұсаукесері өтті. 

Ашур Өздемір қазақ тілі мен әдебиеті және мәдениетіне байланысты мақалалары ғылыми журналдар мен баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. Сонымен қатар, Өздемірдің Абай Құнанбайұлы, Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Шерхан Мұртаза сияқты белгілі тұлғалардың шығармаларын зерттеп, түрік тіліне аударып жүрген қаламгер-ғалым.

Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Бауыржан Момышұлының отбасы, балалық шағы, мектеп шағы мен әскерлік өмірі, әскер соңындағы өмірі, бойындағы адами қасиеттері туралы баяндалады.

Екінші бөлімде Бауыржан Момышұлының түйген ой-пікірлері, қазақ әдебиеті туралы  көзқарастары және әдеби аудармалар мен тілге және қазақ тарихына, отансүйгіштік және ұлтжандылық, ана мен отбасы туралы ой-пікірлері айтылады.

Үшінші бөлімде өмірінің әдебиетке байланысты көзқарасы, жазған шығармалары, әскери шығармалар, өлеңдері, мақал-мәтелдер, жазған хаттары  мен  түрлі баспасөз беттерінде жарық көрген  мақалалары, әскери  естеліктері, саяхаттан алған әсері баяндалады.