Түркістанда түркітілдес елдердің халықаралық форумы өтеді

Түркістанда түркітілдес елдердің халықаралық форумы өтеді
www.inform.kz

Түркістан қаласында Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының XX пленарлық отырысына дайындық басталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сілтеме жасап.

27-28 қыркүйек күндері өтетін Түркітілдес елдер парламентшілерінің форумына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламенттерінің басшылары қатысады.

Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының мерейтойлық XX пленарлық отырысына Өзбекстан мен Венгрияның Парламент өкілдері де шақырылды. Басқосуда алғашқы онжылдықта атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары талқыланады.

Айта кетейік, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы 2008 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын.