Түркия Turkovac вакцинасын егуді бастады

Түркия Turkovac вакцинасын егуді бастады
Cурет: Egemen.kz

Түркия коронавирусқа қарсы өз вакцинасын жасап шығарды

Түркияда коронавирустық инфекцияға қарсы отандық Turkovac препаратымен вакцинациялау процесі басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Вакцинация науқаны бейсенбі күні Түркияның ең ірі қалалық ауруханаларында басталды. Turkovac препараты Кайсери провинциясындағы Эрджийес университетімен және елдің денсаулық сақтау министрлігінің медициналық институттарымен (TUSEB) бірлесіп жасалды.

Бір күн бұрын Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа коронавирустың таралуына қарсы ғылыми кеңестің онлайн-отырысы аяқталғаннан кейін Анкара қалалық ауруханасында үшінші күшейту дозасы ретінде Turkovac вакцинасын салдырды.